Инвесторлар көбінесе мемлекеттік кіріс комитетімен дауласады

3443

Инвесторлардың тең жартысы мемлекеттік кіріс комитетінің жұмысына шағымданып сотқа арыз түсіреді.

Инвесторлар көбінесе мемлекеттік кіріс комитетімен дауласады

2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында жоғары сот пен Астана қалалық соты бірінші инстанциялық сот ережесі бойынша  инвестициялық дауға қатысты 68 талап арызды қараған. Жоғарғы сотқа аппеляциялық тәртіпте қарау үшін 30 өтініш түскен, оның 26-сы қаралған.

Өтініштердің 60%-ы инвесторлардан, 40%-ы мемлекеттік орган тарапынан түскен.

"Өтініштердің 69%-ы қаралып, шешім шығарылды,  ал 30%-ы инвесторлардың пайдасына шешілді", – деді abctv.kz-ке жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қадырова.

Ол сот көбінесе шетелдік инвесторларға немесе шетелдік компаниялармен байланысы бар заңды тұлғаларға қатысты болады деп атап көрсетті.

"Бұл – өкілетті мемлекеттік органдардың жұмысын қайта қарауға қатысты даулар. Әсіресе экология, энергетика, индустриалдық даму, өндірістік қауіпсіздік, табиғи монополия және бәсекелестікті қорғау саласының өкілетті мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдері бойынша іс-қимылын немесе әрекетсіздігін даулауға қатысты болып жатады. Шағымдардың 50%-ы мемлекеттік кіріс органының жұмысына қатысты болады", – деп түсіндірді  жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы.

Гүлназ Ермағанбетова, Динара Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу