Ипотекалық кредит 1,5 трлн теңгеге жетті

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
22043

Еліміздегі 28 банктің 15-і ғана ипотека рәсімдейді.  

Ипотекалық кредит 1,5 трлн теңгеге жетті

Екінші деңгейлі банктердің ипотека рәсімдеу көрсеткіші бір айда 4,5%-ға ұлғайды. Ал бір жылдық өсім 30,5%-ды құрады.

Маусым айының қорытындысында ел азаматтарына 1,49 трлн теңге ипотекалық қарыз берілгені анықталды. Бұл – экономикадағы барлық кредиттің 11,6%-ы.

Өткен жылдың шілдесінде ел аумағындағы ипотекалық кредит көлемі 1,14 трлн теңге болған. Қарыз алудың жылдық көрсеткіші 13%-ды құраған.

Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер экономиканың түрлі секторларын қаржыландыруға қызығушылық танытып отырған жоқ. Бұл көрсеткіш бір жылда 0,6%-дан әрең асты. Есесіне қаржы институттары ипотекалық кредит нарығында ерекше белсенді.

Айта кетейік, елімізде ипотека рәсімдеу екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт – коммерциялық ипотека. Қарыздың бұл түрін тұрақты табысы, төлем қабілеті бар кез келген қазақстандық ала алады. Екінші бағыт– жеңілдетілген ипотека. Дәл осы несие әлеуметтің осал тобына, оның ішінде табысы төмен, көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасыларға және тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде салымы бар салымшыларға беріледі.

Коммерциялық ипотека нарығында несие рәсімдеушінің баспанасы бар немесе жоқ екеніне назар аударылмайды. Қарыз алушыға қандай да бір  шектеу қойылмайды. Ол табысы жетсе, қалаған сомаға, қалаған үйін ипотека арқылы сатып ала алады. Қазір бұл сегментте Altyn Bank, Cбербанк және Bank RBK азаматтарға тиімді ұсыныс ұсынып отыр. Мысалы Altyn Bank несиені 15,4%, Сбербанк 15,6%, RBK 16%-бен рәсімдеуде.

Ипотекалық қарыз алушылар қарыздың пайыздық мөлшерлемесімен қатар  сомасына да назар аударады. Бұл ретте олар көбінесе ең бірінші Altyn Bank-ке жүгінеді. Себебі бұл банк 175 млн теңгеге дейін ипотекалық несие рәсімдейді. Екінші орында АТФБанк тұр. Ол 100 млн  теңгені ипотекалық кредит ретінде бере алады. Үштікті 75 млн теңгемен RBK тұйықтап тұр.

Ипотеканы 240 айға немесе 20 жылға 5 банк береді. Олар: Altyn Bank, Нұрбанк, Сбербанк, Халық банк және Tengri Bank.

ForteBank алғашқы жарна ретінде негізгі соманың 15-ын, Altyn Bank, Tengri Bank және АТФ банк 20%-ын талап етеді.

Ел нарығында ипотеканы 28 екінші деңгейлі банктің 15-і ғана ұсынады. Олардың 9-ы ипотека рәсімдеген кезде жалақы жобасы мен мемлекеттік бағдарламаларға, тұрғынүйқұрылысжинақбанкі жүйесіне және өзге де ерекше жағдайларға назар аудармайды. Яғни төлем қабілетін растаған кез келген азаматқа ипотека рәсімдей береді.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу