Ипотекалық несиесі барлардың құқығы жақсырақ қорғалмақ

Мәжіліс қарауындағы заңда кепілзатты борышкердің өзіне сатуға мүмкіндік беріледі.  

Ипотекалық несиесі барлардың құқығы жақсырақ қорғалмақ

Бюджеттік заңнаманы жетілдіру туралы заң жобасында ипотекалық қарыз алушылардың құқығын қорғауды жақсарту туралы ұсыныс та бар. Бұл туралы 9 желтоқсанда Премьер-министр айтқан еді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Өзгеріс Президенттің Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің 6-шы отырысында екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясаты мен бағалау қызметін жетілдірудің маңыздылығы туралы пікірінен кейін енгізілмек. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үйді алып қою – банктер несие алушы кепілге қойылған мүлікті өз бетінше сата алатындай икемді кепіл саясаты болуы керектігін, кепілді бағалау процесінің ашық еместігін айтқан еді.  

Енді заңдағы өзгеріс қабылданса, несие берушілердің теріс әрекеттерінің алдын-алу үшін несие берушінің қызметкерлері мен оған қатысы бар тұлғалардың аукциондарға қатысуына тиым салынды. Сауда-саттық өткізілсе кемінде екі қатысушы болуы керек. 

Кепілзатты сатуға негіз болатын уақыт пен несие көлемі өзгертілді. Енді 3 айдан 6 айға дейін несие өтелмесе және өтелмеген несие көлемі жалпы несиенің 15%-дан асса кепілзатты алу туралы айтылады. Кепілзатты сатып, қарызын қайтаруға борышкердің өзіне 3 ай уақыт беріледі. Кепілзатты төмен бағамен сатуға рұқсат жоқ. Бұл ретте кепілзатты сатудың төменгі шекті бағасы бастапқы бағасының 50%-нан емес, 75%-на тең болуы тиіс. Егер кепілзат сатылғаннан кейін борышкердің басқа үйі немесе табысы болмаса қалған қарызы есептен шығарылуы тиіс. Аталған заң жобасы қазіргі кезде Мәжілістің қарауында. 

Айта кетейік, ресми статистика бойынша қаңтар-тамызда банктер жеке тұлғаларға тиеселі 2,7 млрд теңгелік 190 кепілзатты сатқан. Ал заңды тұлғалардың банктер арқылы сатылған кепілзаты 35 дана, құны 1,42 млрд теңге. 

Заңдағы өзгерістерді сарапшылар дұрыс деп санайды. Мысалы, белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетов кепілзатты сату борышкерлердің өзіне беру тиімді дейді. Өйткені борышкер, үй иесі жоғары бағаға сатып, несиесін жабуға тырысады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу