Ирак ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына шыққанын атап өтуде

102

Ирак құрамасы Әлем чемпионатында I тобына түсіп, Франция, Сенегал және Норвегия командаларымен ойнайды.

Ирак ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына шыққанын атап өтуде Фото: sportarena.com

Ирак үкіметі ұлттық құраманың 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатына жолдама алғанын атап өтіп, 1 және 2 сәуір күндерін демалыс деп жариялады.

Ирак құрамасы соңғы іріктеу матчында Боливия командасын 2:1 есебімен жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатының соңғы қатысушысы атанды. Бұл Ирак ұлттық құрамасының Әлем чемпионатына екінші мәрте шығуы. Алғаш рет олар турнирге 1986 жылы қатысып, Мексика, Парагвай және Бельгиядан құралған топта соңғы орын иеленіп, ұпайсыз қалған еді.

2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусымнан 19 шілдеге дейін АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді. Турнирге алғаш рет 48 команда қатысады.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Ирак ойыншылары Иорданияға жету үшін ұзақ жол жүруге мәжбүр болды. Ал, одан кейін ФИФА ұсынған жеке ұшақпен Мексикаға барып, 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу үшін шешуші матчқа қатысты. Дегенмен барлық қиындықтарға қарамастан, жеңіске жетіп, әлем  чемпионатының жолдамасына ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу