Иран АҚШ сарбаздарын тұтқынға алғандарға сыйақы береді

492

Сыйақының қалай төленетіні туралы нақты ақпарат жоқ.  

Иран АҚШ сарбаздарын тұтқынға алғандарға сыйақы береді Фото: ru.sputnik.kg

Иран америкалық әскери қызметшілерді өлтірген немесе қолға түсіргендерге 25 мың еуроға дейін сыйақы тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

Жергілікті Avash порталының хабарлауынша, әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған америкалық сарбаз үшін шамамен 25 мың еуро төленеді. Ал егер әскери қызметшіні әйел өлтірсе немесе тұтқынға алса, сыйақы көлемі екі есеге артады. Ақпаратқа сәйкес, бұл бастаманы Иран әскерінің бас қолбасшысы Әмір Хатами ұсынған. Ол бұл қызметке 2025 жылғы маусымда келген. Сыйақыны кімдер ала алатыны және төлемнің қалай жүзеге асырылатыны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Айта кету керек, бұған дейін Түркия бастаған 8 ел Израильдің Газа жоспарына қарсылығын сынға алғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу