Бұл туралы Иранның мемлекеттік теледидары хабарлады. Сондай-ақ Ирактағы АҚШ әскери базасына да шабуыл жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қатар Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Иранның әуе соққыларынан құрбан болғандар жоқ.
Иран Қатардағы америкалық базаларға қарай 10 зымыран және Ирактағы америкалық базаға 1 зымыран ұшырған. Сондай-ақ, Иранның қарулы күштері АҚШ-тың Қатардағы әл-Удейд әскери базасына соққы бергенін растады.
РБК мәліметтері бойынша, Иранның Ислам революциясының сақшылар корпусы (ИРСК) Қатардағы америкалық базаны зымыранмен атқылағаннан кейін мәлімдеме жасады.
"Қарулы Күштер сапындағы ұлт ұлдарының шешуші әрекеттері Ақ үй мен оның одақтастары үшін айқын және біржақты: "Иран Ислам Республикасы Құдіретті Құдайға арқа сүйеп, исламдық Иранның сенушісі мен даңқты халқын арқаланып, оның аумақтық тұтастығына, егемендігіне және ұлттық қауіпсіздігіне ешбір жағдайда қол сұғушылықты жауапсыз қалдырмайды", – деді ИРСК.
Сонымен қатар Қатар СІМ-нің болған жағдайға қатысты реакциясы жарияланды.
Ведомствоның хабарлауынша, Иранның соққысы Қатар мемлекетінің егемендігі мен әуе кеңістігін, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқығы мен жарғысын өрескел бұзу болып табылады.