Иран әлемдегі ең ірі газ кешендерінің бірін атқылады

150

Эр-Риядта 4 адам зардап шекті. 

Иран әлемдегі ең ірі газ кешендерінің бірін атқылады Фото: Associated Press

Иран Парсы шығанағы елдеріне кезекті шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап. 

19 наурызға қараған түні баллистикалық зымырандар әлемдегі ең ірі мұнай-газ кешендерінің бірі, Қатарда орналасқан Рас-Лаффан индустриялық аймағына тиген. QatarEnergy мемлекеттік мұнай-газ компаниясының мәліметінше, нысанға 12 сағат ішінде екі рет соққы жасалған.

Кешен аумағында өрт шықты, кейін ол бақылауға алынды. QatarEnergy кәсіпорынға "айтарлықтай зиян" келгенін, алайда қызметкерлер зардап шекпегенін мәлімдеді. Қатардың Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қауіп деген баға берді.

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы тұрғын ауданға түскен зымыран қалдықтары салдарынан төрт адам жараланған. Зымыранның бөлшектері қаланың оңтүстігіндегі мұнай өңдеу зауытының жанынан да анықталған. Елдің шығысындағы газ кәсіпорнының жанында дронның атып түсірілгені хабарланды.

Біріккен Араб Әмірліктерінде Ираннан ұшқан дрондар мен зымырандарға қарсы әуе қорғаныс жүйелері іске қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу