Иран дельфиндерді әскери мақсатта пайдалануға ниетті – БАҚ

793

Дельфиндерді әскери даярлау бағдарламалары АҚШ пен Ресейде де бар. 

Иран дельфиндерді әскери мақсатта пайдалануға ниетті – БАҚ Фото: НСН

Иран әскері дельфиндерді жарылғыш миналармен жабдықтап, оларды АҚШ әскери кемелеріне қарсы камикадзе ретінде Ормуз бұғазында пайдалануы мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD агенттігіне сілтеме жасап. 

The Wall Street Journal хабарлауынша, бұған дейін Иран суасты қайықтарын қолдану және аймақтағы байланыс үшін аса маңызды суасты телекоммуникациялық кабельдерді зақымдау қаупі бар екенін де айтқан.

Дельфиндерді әскери мақсатта пайдалану бұрыннан бар. Әскерилер ондаған жылдар бойы теңіз жануарларын суасты операцияларында қолданып келеді. Бұл бағдарламаларда негізінен үлкен афалиндер үйретіледі. Дельфиндер эхолокация қабілеті мен жоғары жылдамдығының арқасында миналарды іздеу және суасты барлауында өте тиімді және көбінесе қорғалған әскери порттарда соңғы қорғаныс шебі ретінде қызмет атқарады. Сондай-ақ оларды диверсанттарға қарсы әрекет етуге де үйретеді.

БАҚ-тың жазуынша, 2003 жылғы Ирак соғысы кезінде АҚШ дельфиндерді соғыс жағдайында қолданған. Умм-Каср портында олар жүзден астам теңіз миналарын анықтаған.

Десек те, мұндай ақпараттар сыни тұрғыда бағалауды қажет етеді, дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу