Иран Дональд Трампқа қарсы қастандық әзірлеп жатыр – Израиль

71

Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.

Иран Дональд Трампқа қарсы қастандық әзірлеп жатыр – Израиль Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Израиль барлау қызметі Иран билігінің АҚШ Президенті Дональд Трампқа қастандық жасауды жоспарлап отырғаны жөнінде ақпарат алғанын мәлімдеді.

Басылымның мәліметінше, Израиль тарапы қолдағы барлау деректерін АҚШ билігіне берген. Онда Иран бұрыннан бар жоспарларын қайта қарап, Дональд Трампқа қарсы жаңа қастандық жоспарын әзірлегені айтылған.

Айта кетейік, Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс 2020 жылдың қаңтарында АҚШ әскері Бағдад әуежайы маңында дрон соққысымен Иранның "Әл-Кудс" арнайы жасағының қолбасшысы Касем Сүлейманиді өлтіргеннен кейін күшейген болатын. Осы оқиғадан кейін Иран басшылығы АҚШ-тан кек алатынын бірнеше рет мәлімдеген.

CNN телеарнасының хабарлауынша, барлау қызметі қастандықтың нақты жоспары туралы мәліметке ие. Иран басшылығының мұндай әрекетке баруына 2026 жылғы 28 ақпанда жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеиге қарсы жасалған қастандық себеп болған деген болжам бар.

Өз кезегінде Дональд Трамп НАТО саммитінен кейін Air Force One ұшағында журналистерге берген сұхбатында өзін Иранның басты нысанасына айналғанын айтты.

"Олар АҚШ президентін, яғни мені, жойғысы келеді. Бүгін таңертең олардың тізімінде тұрғанымды көрдім. Осы уақытқа дейін жолым болып келді, бірақ оның қанша уақытқа созылатынын білмеймін", – деді Дональд Трамп.

Әзірге Израиль мен АҚШ тарапы жариялаған мәліметтерге қатысты Иран билігі ресми түсініктеме берген жоқ. Сондай-ақ, аталған ақпарат тәуелсіз дереккөздер арқылы толық расталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу