Иран халықты жаппай бақылау үшін бет-әлпетті тану жүйесін қолданады

274

Бағдарламаның мүмкіндіктері көп. 

Иран халықты жаппай бақылау үшін бет-әлпетті тану жүйесін қолданады Фото: REUTERS / Majid Asgaripour

Иран билігі азаматтарды бақылау және қудалау үшін бет-әлпетті тануға арналған жүйені пайдаланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Der Spiegel журналы басқа да ірі БАҚ-пен бірлесіп зерттеу жүргізген. Технологияның жұмысына қатысты мәліметтер осы зерттеуде айтылған.

Иранда бет-әлпетті тану жүйесі бейнебақылау камераларынан түсетін деректерді нақты уақыт режимінде өңдей алады. Кейін олар әртүрлі дерекқорлармен, соның ішінде полиция базасымен сәйкестендіріледі. Бағдарламада камераға түскен адамдарды бет-әлпеттегі эмоциясына қарай іріктеуге де болады. Кадрға түскен әр адамның суретінің жанында оның жасы, жынысы және ерекше белгілері көрсетілген ақпараттық терезе тұрады.

Басылымның жазуынша, Иран Findface атты бұл бағдарламаны Ресейдің NtechLab компаниясынан алуы мүмкін. Spiegel-дің ақпаратына сәйкес, келісімшарт 2019 жылы жасалған. Бұл технология Ресейде 2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты кезінде де қолданылған. NtechLab компаниясы Еуроодақ санкцияларына ілінген.

Бағдарламаның басқа да мүмкіндіктері бар. Мәселен, Findface әлеуметтік желілерден деректерді іріктеп жинап, жекелеген адамдар арасындағы байланыстарды көрнекі түрде көрсете алады.

"Олар мәтіндік хабарламаларды, телефон қоңырауларын, электронды поштаны да талдайды. Қарым-қатынастың кез келген түрі жазылады", – деді дереккөз.

Иран билігі жаппай бақылау жүйесін әрдайым кеңейтіп келеді. Spiegel хабарлауынша, Findface бағдарламасы елдің барлық әскери және барлау құрылымдары үшін қолжетімді. Сарапшылардың сөзінше, Иран билігі бұл бағдарламаны одан әрі жүйелі түрде қолдануы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу