Иран көрші елдерге шабуылдағаны үшін кешірім сұрады

713

Иран Президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерге шабуылдауды доғарып, соңғы күндері болған оқиғалар үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Al Jazeera басылымына сілтеме жасап.

Иран көрші елдерге шабуылдағаны үшін кешірім сұрады Фото: РИА Новости / Majid Saeedi

Теледидар арқылы үндеу жасаған Масуд Пезешкин алдағы уақытта көрші елдер бірінші болып бастамаса, Иран шабуыл жасамайтынын жеткізді.

Президент мәлімдемесінде бұл қадам аймақтағы шиеленісті азайтуға бағытталғанын атап өтті.

"Бұл шешім Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтағысы келетін ниетіміздің көрінісі", – деді Масуд Пезешкиан.

Мұндай ресми мәлімдеме аймақтағы жағдайды біршама тыныштандыруға көмектесуі мүмкін.

Сонымен қатар, көрші мемлекеттерге шабуылдан бас тарту және кешірім сұрау халықаралық қауымдастықпен диалогқа жол ашып, Таяу Шығыстағы бейбітшілікті сақтауға ықпал етуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу