Иран Қытайдың бейбітшілік жоспарын қолдап отыр

Бұл туралы ИРНА агенттігі жазды. 

Иран Қытайдың бейбітшілік жоспарын қолдап отыр Фото: canva

Басылымның дерегінше, Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Қытайға жасаған сапарының қорытындысын шығарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол қытайлық әріптесі Ван Имен өткен келіссөздерді "конструктивті" деп бағалады. 

Министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қос елдің қазіргі геосаяси шиеленіс жағдайындағы ұстанымдары стратегиялық тұрғыда жақын екенін жеткізді. 

Кездесуде тараптар Тегеранның ұлттық егемендігі мен қадір-қасиетін қорғау құқығы мызғымас қағида екенін растаған.

Сонымен қатар, келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі Қытай ұсынған бейбітшілік бастамалары саналды. 

– Иран тарапы өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және нығайтуға бағытталған Қытайдың төрт тармақтан тұратын ұсынысына ризашылығын білдіреді, – деп өз пікірін айтты Аббас Аракчи.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу