Мұны "Неміс толқыны" хабарлап отыр.
"Біз Украинаны АҚШ-тан қорғауға мәжбүр боламыз дегенге ешқашан сенбес едім", – дейді ол.
Штайнмайер тағы бір сөзінде, "біз Украинаның құлдықты қабылдауына жол бермеуіміз керек. Сондықтан Германияға қазірден, мүмкіндігінше тезірек күшті үкімет құру қажет" деген. Ол Германияның да АҚШ-қа қарызы көп екенін еске салды.
Оның сөзінше, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік тәртіпті құруда шешуші рөл атқарған АҚШ болмаса, Германиядағы демократияны елестету мүмкін емес еді.
Ал Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хоменеи желіде жазба жариялап, Украинаны мысалға келтіріп, АҚШ пен Еуропаға бұдан әрі сенбеуге шақырды.
Мұны осы елдің ИРНА агенттігі хабарлап отыр.
"АҚШ пен Еуропаға үміт артқан елдер Украинаның қазіргі жағдайына қарауы керек", – деп жазды ол.