Иран Ормуз бұғазын ашудың шартын атады

210

Масуд Пезешкиан АҚШ-тың блокадасы мен шабуылдары тоқтатылса, Ормуз бұғазы ашылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Иран Ормуз бұғазын ашудың шартын атады Фото: AP Photo / IRIB/Morteza Fakhri Nezhad

АҚШ-тың блокадасы мен шабуылдары тоқтатылған жағдайда Ормуз бұғазы ашылады. Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан үнділік India Today телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Олар соғыс арқылы көздеген мақсаттарына жете алмады. Сондықтан экономикалық қысымға көшті. Алайда біз тоқтамаймыз", – деді ол.

Теңіз блокадасына қатысты пікір білдірген Пезешкиан АҚШ мұндай жағдайда да өз мақсатына жете алмайтынын айтты.

"Әрине, теңіз жолы біздің тіршілігіміз тәуелді жалғыз бағыты емес. Бұл бағыт арқылы да олар көздеген мақсатына жете алмайды", – деді Иран президенті.

Масуд Пезешкиан АҚШ-тың блокадасы мен шабуылдары тоқтатылған жағдайда Ормуз бұғазы ашылатынын атап өтті.

Иран мен Оманның Ормуз бұғазына қатысты келіссөздері туралы айта келе, Пезешкиан дүйсенбі күні Маскатта араб елдерінің сыртқы істер министрлері кездесетінін хабарлады.

"Осы аптаның дүйсенбісінде араб елдерінің сыртқы істер министрлері Маскатта бас қосып, Оман мен Иранның Ормуз бұғазы арқылы ортақ теңіз бағытын құру туралы келісіміне қол қояды. Сондай-ақ бұл келісім туралы Халықаралық теңіз ұйымына хабарланады. Кездесуге бізге шабуыл жасалған аумақтардың мемлекеттері де қатысады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу