Талапты бұзған кемелерге айыппұл салынуы мүмкін. Кейбір жағдайларда олар ұсталып, тәркіленуі ықтимал екені де ескертілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Reuters хабарлауынша, жүк иелері Парсы шығанағына немесе одан жүк тасымалдауға кеме жалдамас бұрын, Иран ереже бұзған деп тапқан кемелердің жаңартылған тізімін тексеріп отыруы тиіс. Мұндай кемелермен жүкті борттан бортқа тиеу, транзиттік қайта тиеу немесе басқа да операцияларды жүзеге асыратын кемелер де бұл тізімге енгізіліп отырады.
Шектеуді алып тастау үшін Иранның уәкілетті органдарына себебі көрсетілген ресми өтініш жолдануы тиіс.
Иран бұғаз арқылы кеме қатынасы толықтай дерлік тоқтап тұрған кезде талаптарды күшейтіп жатыр. Kpler компаниясы мен Ұлыбританияның Теңіз сауда операциялары басқармасының дерегінше, сенбі күні Ормуз бұғазынан 13 кеме, жексенбіде төрт кеме өткен.
AIS жүйесі тіркеген қозғалыс деңгейі соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда шамамен 90%-ға азайған.
Айта кету керек, бұған дейін АҚШ Сирияны "терроризмді қолдайтын елдер" тізімінен алып тастағанын жазғанбыз.