Иран президенті ел астанасын оңтүстікке көшіруді ұсынды

927

Президенттің бұл сөзін Fars агенттігі келтірген.

Иран президенті ел астанасын оңтүстікке көшіруді ұсынды Фото: Reuters

Иран президенті Масуд Пезешкиан ислам мемлекетінің астанасын Тегераннан Парсы шығанағы жағалауына көшіру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі ТАСС-ке сілтеме жасап.

"Бізде экономикалық және саяси орталықты елдің оңтүстік жағалауына көшіргеннен басқа амал жоқ", – деді Иран басшысы.

Пезешкианның сөзінше, бүгінгі таңда Тегеран бетпе-бет келіп отырған проблемаларда өзге тәсілмен шешу мүмкін емес.

"Шикізатты оңтүстіктен және жағалаудан орталыққа жеткізіп, дайын өнім шығару және оны экспортқа шығару үшін қайтадан оңтүстікке жөнелту біздің бәсекеге қабілеттілігімізді кемітіп отыр", – деді Иран президенті.

Сондай-ақ, ол қалың көпшіліктің қолдауына ие болу үшін билік алдымен өзі бірінші қадам жасауы керек екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу