Иран телеарнасы Трамптың ұлын өлтірген адамға қомақты сыйақы ұсынып отыр

Телеарна АҚШ президентінің 20 жастағы ұлы Баррон Трамп туралы үш минуттық сюжет көрсетті.  

Иран телеарнасы Трамптың ұлын өлтірген адамға қомақты сыйақы ұсынып отыр Фото: Getty Images

Жасанды интеллект көмегімен әзірленген видеода оның жүруі мүмкін деген бірнеше орын мен болжамды мекенжайлар берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, мемлекеттік телеарна президенттің ұлын өлтірген адамға 10 миллион доллар сыйақы берілетінін жариялады.

Видеода АҚШ Құпия қызметінің агенттері Барронды тәулік бойы күзететіні және олардың кейбірі университет студентті ретінде жасырын жүретіні айтылған. Десе де, сюжеттің едәуір бөлігі жасанды интеллект арқылы жасалған қойылымдық бейнелерге негізделген. Сондай-ақ, телеарнасының сюжетінде Барронның Вашингтондағы университетке қатынайтын бағыты қайта құрастырылған.

Видеода Баррон Трампқа қастандық жасауға дайындық жүріп жатқаны туралы нақты әрі сенімді дәлел келтірілмеген. Израильдік бұқаралық ақпарат құралдары да роликте айтылған мәліметтер шынайы қауіптің бар екенін растамайтынын атап өтті.

Бұл Иранның мемлекеттік медиасы Трамптың отбасы мүшелеріне қатысты қоқан-лоқы сипатындағы материал жариялаған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін осындай сюжет АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трампқа арналды. Онда оның жиі баратын орындары туралы ақпарат көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу