Иран Трамптың ұсынысын қабылдамай қойды

1258

Иран АҚШ-тың ядролық бағдарлама бойынша келіссөз жүргізуді сұраған ресми хатын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC басылымына сілтеме жасап.

Иран Трамптың ұсынысын қабылдамай қойды Фото: ИРНА

Хатты Тегеранға барған Біріккен Араб Әмірліктері президентінің дипломатиялық кеңесшісі Анвар Гаргаш Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчиге берген.

Аятолла Әли Хаменеи хатты алған соң АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартты.

Ол Трамптың келіссөздер туралы ұсынысын "алдау" деп есептейді.

– Біз олардың келіссөз ережесін орындамайтынын біліп тұрсақ, келіссөздің керегі не? Сондықтан келіссөзге шақыру... қоғамдық пікір арқылы алдау, – деді ол.

Аятолла Әли Хаменеи Иран соғыс қаламайтынын жеткізді.

– Иран соғыс іздемейді, бірақ америкалықтар және олардың агенттері қате қадам жасаса, біздің жауабымыз шешуші әрі нақты болады. Одан Америка көп зардап шегеді, – деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу