Иранның әуе қорғанысы F-15 жойғыш ұшағын атып түсірді

289

Бұл туралы Иран мемлекеттік телеарнасы Әуе қорғанысының біріккен штабына сілтеме жасап хабарлады. 

Иранның әуе қорғанысы F-15 жойғыш ұшағын атып түсірді Фото: af.mil

Иранның оңтүстігінде әуе қорғаныс күштері F-15 жойғыш ұшағын атып түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми мәлімдемеде ұшақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің зениттік-зымыран кешендері арқылы атып түсірілгені және оның Парсы шығанағындағы Ормуз аралы маңына құлағаны айтылған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды. Сонымен қатар АҚШ пен Израиль әзірге жойғыш ұшақтың құлауы туралы ақпаратқа пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, Иран 19 наурыз күні АҚШ-қа тиесілі F-35 ұшағын атып түсіргенін мәлімдеген. Ал кеше Израильдің F-16 жойғышының атылғанын хабарлаған.

АҚШ Қарулы күштері өз кезегінде Иран шабуыл жасаған F-35 ұшағы қатты қону салдарынан қирағанын мәлімдеді. Ал Тель-Авив Израиль Әуе күштерінің F-16 ұшағы Иран әскері тарапынан атқылауға ұшырағанымен, ешқандай зақым алмағанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу