Иранның жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи өз халқына және Парсы елдеріне маңызды үндеу тастады. Оның мәлімдемесі Tasnim басылымында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.
"Иранның оңтүстігіндегі көрші елдерге айтарым, мұқият қарап, түсініп, дұрыс тарапты таңдаңдар және жалған уәделерге күмәнмен қараңдар", – делінген мәлімдемеде.
Моджтаба Хаменеидің сөзінше, Тегеран АҚШ пен Израильмен қақтығыста жеңіске жетті деп нық сеніммен айтуға болады. Ол Иранның соғысқа ұмтылмайтынын, алайда өз құқығынан да бас тартпайтынын жеткізді. Сонымен қатар Иран Ормуз бұғазын бақылауды жалғастырмақ.
"Біз Ормуз бұғазын басқарудың жаңа деңгейіне өтеміз", – делінген Хаменеи үндеуінде.
Иранның жоғарғы көсемі АҚШ пен Израильден келтірген шығын үшін өтемақы талап ететінін де айтты.
"Келтірілген әрбір залал мен төгілген қан үшін өтемақы талап етеміз", – деді ол.
Айта кету керек, бұған дейін Израильдің әрекетінен кейін Иран Ормуз бұғазын жауып тастағанын жазғанбыз. себебі Израиль әскері келісімге қарамастан, Ливандағы Хезболлаға жойқын соққы беріп, салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты.