Иранның жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи ес-түссіз жатыр – БАҚ

603

 Бұл туралы The Times газеті америкалық және израильдік барлау деректеріне сілтеме жасап жазды.

Иранның жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи ес-түссіз жатыр – БАҚ Фото: Amir Kholousi / Reuters

Иранның жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи Кум қаласында ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланған. Барлау деректері жазылған құжатқа сәйкес, Иранның жоғарғы көшбасшысы қазіргі уақытта шешім қабылдайтын хәлде емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Наурыз айының соңында Axios АҚШ пен Израильдің барлау қызметтері Моджтаба Хаменеидің Иран басшысы болғаны туралы ақпаратты растауға тырысып жатқанын жазған. Тегеран билігі жаңа көшбасшы 28 наурызда АҚШ пен Израильдің алғашқы соққысы кезінде жараланғанын ресми түрде растады. Бірақ жарақат жеңіл болғаны хабарланған.

The Times жазуынша, Моджтаба Хаменеидің әкесі Әли Хаменеи Кум қаласында жерленуі мүмкін. Десек те, Иранның мемлекеттік ақпарат агенттіктері 86 жастағы Хаменеиді Мешхед қаласында жерленетінін хабарлаған. 8 сәуірде Хаменеидің қайтыс болғанына 40 күн болады. 

Кум қаласы Тегераннан оңтүстікке қарай шамамен 130 шақырым жерде орналасқан. Шаһар елдің діни орталығы ретінде танымал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу