Ірі дәулет иелеріне жоғары салық салынуы мүмкін

430

Халықаралық тәжірибе талданбақ.

Ірі дәулет иелеріне жоғары салық салынуы мүмкін Фото: sports.kz

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ірі капитал иелері үшін жоғарылатылған мөлшерлеме енгізу мәселесі қарастырылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет отырысында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды.

Азамат Әмриннің сөзінше, салық заңнамасын жетілдіру бөлігінде жыл басынан бері Жобалық кеңес аясында жұмыс жүргізіліп келеді.

"Бүгінде бизнес-қоғамдастық өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, Салық кодексіне нақты өзгерістер пакеті әзірленді. Ірі капитал иелері үшін жоғарылатылған мөлшерлеме енгізу мәселесі халықаралық тәжірибені талдауды ескере отырып қарастырылады. Қазақстан жағдайларына барынша бейімделген тәсіл әзірленеді. Жолдау аясында Мемлекет басшысы инфрақұрылымның "ауқымды құрылысы" бағытын белгіледі. Ол үшін Инфрақұрылымдық даму қоры құрылды", – деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Бюджет кодексіне Қор қызметінің құқықтық негіздерін, жобаларды қаржыландыру тәртібін, сондай-ақ қазынашылық сүйемелдеу мен қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау тетіктерін айқындайтын түзетулер дайындалды.

Вице-министр негізсіз және тиімсіз шығындардың алдын алу үшін жасанды интеллект технологиялары белсенді қолданылатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу