Ірі спорт кешендері сатылымға қойылды

2609

Елордадағы үш негізгі спорт кешені – "Астана-Арена", "Барыс-Арена" және "Алау" мұз айдыны бір лотпен сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Krysha.kz.

Ірі спорт кешендері сатылымға қойылды

"Елордадағы ең үлкен үш спорт кешені бір лотпен сатылымға қойылды. Аталған нысандар сатып алу құқығынсыз, тек басқаруға беріледі. Мемлекеттік мүлік тізімінің электрондық сауда алаңындағы заңнамаға сәйкес өтініштер 3 маусымға дейін қабылданады", - деп хабарлайды Krysha.kz.

Сайттың мәліметінше кепілдік жарна 1,8 млрд. теңгені құрайды. Спорт кешендері 15 жылға бір ғана бақарушыға беріледі. Бірақ, бұл сатылым емес, тек ұзақ уақытқа жалға беріледі.  

Шартқа сәйкес жаңа басқарушы объектілерді қатаң түрде белгілі бір мақсатта – спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу үшін  пайдалануға міндетті. Сонымен қатар жылына 30 күн мәдени  іс-шараларды өткізу үшін ареналар тегін берілуі керек. Жеті жасқа дейінгі балалар және көпбалалы отбасылардың балалары спорт секцияларына тегін қатысуы қажет. Ал,әкімдік қарамағындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне жалға беру барысында жеңілдік жасауға міндетті.

"Сондай-ақ жаңа меншік иесі ғимараттардың қауіпсіздігіне жауап береді. Жыл сайын 100 миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, есеп береді", - деп басылым мемлекеттік меншіктерді басқару органдарына сілтеме жасай отырып, жаңа меншік иесінің міндеттемелерін атап өтті.

Үш спорт кешенінің ішіндегі ең үлкені "Барыс-Арена". Оның ауданы 85,1 мың шаршы метрді құрайды. "Астана-Аренаның" ауданы 58,6 мың шаршы метр, ал "Алау" мұз айдының ауданы 65,5 мың шаршы метр.

Естеріңізге сала кетсек, "Барыс-Аренада" "Барыс" хоккей клубының және хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының ойындары, ал "Астана–Аренада" футболдан еліміздің алты дүркін чемпионы мен Қазақстан Ұлттық құрамасының матчтары өткізіледі. "Алау" мұз айдынында конькиден Әлем кубогінің іріктеу турнирлері өтеді.

Ермұхамед Мәулен                            


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу