Исагирре өткен жылғы ерлігін қайталай алмады

1429

Алғашқы кезең қорытындысы бойынша Astana Pro Team командасының испаниялық легионеры "Прованс турының" былтырғы жеңімпазы Горка Исагирре мәреге 56-болып келді.

Исагирре өткен жылғы ерлігін қайталай алмады

Францияның оңтүстігінде атақты "Прованс туры" көпкүндігі басталды. Сент-Мари-де-ла-Мер мен Шаторенар арасын жалғаған, ұзақтығы 149.5 шақырым болатын алғашқы кезең жаппай спринтпен аяқталып, француз Насер Буанни кезең жеңімпазы атанды. Ал Astana Pro Team командасы мәреге жалпы топпен бірге келді.

Мұндай айтулы додағы қазақстандық команда жарыстың былтырғы жеңімпазы Горка Исагирре мен Қазақстан чемпионы Алексей Луценко сынды мықты велошабандоздарын әкелгендіктен Astana Pro Team үшін маңызды кезеңдер әлі алда.

- Осы құрамдағы біздің көптеген шабандоздарымыз үшін бұл биылғы жылғы алғашқы жарыс. Бүгінгі кезеңде аса қатты жел бола қойған жоқ. Әдетте жыл сайын мұндай уақытта осы аймақта жел болатын. Оған қоса, қуанышымызға орай шабандоздарымыз құлаған жоқ. Негізі жарыстың көп бөлігі жазық аймақта өтті. Алайда, бізді ертең мүлде басқа кезең күтіп тұр. Екінші кезеңнің жарыс бағытында асулар өте көп. Сол себепті өзімізді көрсетіп, бабымыздың қандай екенін сынақтан өткізіп көреміз. Команда кезекті тартысқа дайын және бар күшімізді салуға тырысамыз, - деді Astana Pro Team командасының спорт менеджері Дмитрий Фофонов.

Ертең көпкүндіктің 2-кезеңі өтеді. Обань - Ла-Сьота бағыты бойынша өтетін жарыс жолының ұзақтығы 174 шақырымды құрайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу