Исхар Курбаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

248

Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Исхар Курбаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды Фото: Сали Сабиров

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Үндістан өкілі Лалиттен басым түсіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін, 25 қазанда, тағы бір қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) қола медаль үшін белдеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу