Ішкі істер министрі ауысты

3434

Министрдің орынбасары министр болды.

Ішкі істер министрі ауысты

Мемлекет басшысының жарлығымен Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы ҚР ішкі істер министрі болып тағайындалды. Ал Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне ауыстырылды.

1962 жылы 14 тамызда Алматыда қаласында дүниеге келген су жаңа министр 2012 жылдан күні бүгінге дейін бері ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Ол заң ғылымдарының кандидаты, полиция генерал-майоры.

1984 жылы С. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша, 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

1984 жылдан – Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі, 1986 жылдан – Алматы қалалық ІІБ Алатау АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, 1993 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, 1995 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы, 1996 жылдан - Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы, ҚР мемлекеттік салық комитетінің салық полициясы бас басқармасында салық тергеулері басқармасының бастығы, 1997 жылдан - Алматы қалалық ІІББ тергеу басқармасының бастығы, Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІБ бастығы, Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, 2000 жылдан - ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы, 2002 жылдан - ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2003 жылдан - СҚО ІІБ бастап 2006 жылдан - ҚР ІІМ тергеу комитетінің төрағасы, 2006 жылдың шілде айынан бері - Алматы қаласының ІІД бастығы, 2012 жылдан бері ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

II дәрежелі "Даңқ", II дәрежелі "Айбын", III дәрежелі "Александр Невский" (РФ) ордендерімен және 11 медальмен марапатталған. Үйленген, екі ұлы бар.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу