Ішкі істер министрлігінде 172 мың құжат пен іске қатысты жабық қор бар

1138

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін архивтердегі жабық қорларды ашу қажет.

Ішкі істер министрлігінде 172 мың құжат пен іске қатысты жабық қор бар

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маәслихатында  мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы айтты, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Бүгінде негізгі жұмыс архивтердің жабық қорларында жүргізілуі керек. Бұл бағытта ғалымдар кедергілерге тап болып отыр. Комиссияның арқасында рұқсат қағаздарын алғанымен, әлі де біздің ведомстволардың архивтерінде кедергі бар. Сондықтан осыны шешудің басты жолы – ол құпиясыздандыру. Өйткені көптеген құжаттар кеңестік кезеңде құпиялыққа бекітілген", – деді ол. 

Берік Әбдіғалиұлының мәлімдеуінше, Қазақстанда бұл құжаттар құпия күйінде сақталып отыр. Ал Ресейде, Украинада және бұрынғы посткеңестік елдерде кейбір құжаттар кітаптарда, тіпті ғаламторда жарияланып жатыр. 

"Бас прокуратура, жоғарғы сот, ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, арнайы комиссия ұйымдастырып, біртіндеп кезең-кезеңмен құпиясыздандыру жүргізу қажет. Мемлекеттік комиссиясының шешімімен осындай арнайы комиссия құрылды. Онда бүкіл тиісті өкілетті органдардың мүшелері бар. Енді жоспарын жасап, жұмысымызды бастаймыз. Өңірлерде жұмыс жүргізіліп жатыр, дегенмен облыстық архивтерде жабық қорлар бар", – деді депутат. 

Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, тек ішкі істер министрлігінде 172 мың құжат пен іске қатысты жабық қор бар.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу