Ислам Чесноков "Хартс" сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты

95

Қазақстандық футболшы 76 минут бойы алаңда өнер көрсетті. 

Ислам Чесноков "Хартс" сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты

Шотландия чемпионатының 26-туры аясында "Хартс" өз алаңында "Хибернианды" 1:0 есебімен тізе бүктірді. Матч тағдырын 88-минутта Томас Бент Магнуссон шешіп, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

Бұл ойын Ислам Чесноков үшін ерекше болды. Қазақстан құрамасының вингері "Хартс" сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, 76 минут бойы белсенді ойын өрнегін көрсетті. Ол 0:0 есебі сақталып тұрған сәтте ауыстырылды. Дегенмен, матчтың соңғы минуттарында "Хартс" жеңіс голын соғып, көшбасшылық позициясын нығайта түсті.

Қазір "Хартс" 57 ұпаймен турнир кестесінің шыңында тұр. Ал "Хиберниан" 39 ұпаймен бесінші орында келеді. Бірінші кезең аяқталғанға дейін "Хартсты" тағы жеті ойын күтіп тұр. Келесі матч 15 ақпанда сырт алаңда "Рейнджерске" қарсы өтеді.

Айта кетейік, Ислам Чесноков шотландиялық клуб сапына 6 қаңтарда қосылып, 2028 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойған еді. Бұған дейін ол қостанайлық "Тобыл" сапында өнер көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу