Ислам Чесноков тағы да қосалқы құрамда қалды

287

Бас бапкер Дерек Маккиннестің айтуынша, Чесноков әлі де бабында емес. 

Ислам Чесноков тағы да қосалқы құрамда қалды

Шотландия Премьер-лигасының 17-турында "Хартс" өз алаңында "Сент-Мирренді" қабылдап, 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Кездесу "Хартс" үшін оңай болған жоқ. Алаң иелері 15-минутта Бани Банингименің алаңнан қуылуына байланысты матчтың басым бөлігін аз құрамда өткізуге мәжбүр болды. Соған қарамастан, команда ойын тізгінін уысынан шығармай, 60-минутта Лоренс Шенклендтің дәл соққысымен есеп ашты. Ал 80-минутта исландиялық жартылай қорғаушы Томан Магнуссон қарсыластың жеңіске деген үмітін біржола үзді.

Осы жеңістен кейін "Хартс" 50 ұпай жинап, Шотландия чемпионатының турнирлік кестесінде жеке-дара көш бастады. Команданың басты бәсекелесі "Селтик" алты ұпайға артта қалып отыр.

Жақында "Хартс" сапына қосылған Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков бұл кездесуде де алаңға шыққан жоқ. Ол шотландиялық клубтың қосалқы құрамында қалып, қатарынан екінші матчты ойынсыз өткізді.

Ислам Чесноков үшін келесі мүмкіндік 18 қаңтарда өтетін Шотландия Кубогының төртінші кезеңінде "Фалкиркке" қарсы ойында болуы мүмкін. Қазақстандық жанкүйерлер отандасымыздың алаңға шығуын асыға күтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу