Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел қоржынына 11-ші алтын түсті

167

Құрамамыз жалпыкомандалық есепте үздік үштікте. 

Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел қоржынына 11-ші алтын түсті

Муай-тайдан Тұрар Дүйсехан 60 келіге дейінгі салмақта финалда Ирак спортшысы Аяд Альбадрды жеңіп, чемпион атанды. Бірінші раундта қарсыласына жол бергенімен, кейін камбэк жасап, тартысты жекпе-жекті 29:28 есебімен өз пайдасына аяқтады. 

Айта кетейік, 24 жастағы Аяд Альбадр кәсіби муай-тайда өнер көрсетеді. Ол Азиядағы ең ірі ONE промоушенінде бес жекпе-жек өткізіп, алғашқы екеуінде жеңіліс тапқандарымен, кейін қатарынан үш жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегін 17 қазанда өткізген. Дегенмен Тұрар азулы қарсыласын еш қиындықсыз тізе бүктіріп, алтын медальға қол жеткізді. 

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 36 медаль - 11 алтын, 12 күміс, 13 қола бар. Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте әзірге үшінші орында келеді.

Ойындар 21 қарашаға дейін жалғасады. Жарысқа 57 елден 3000-нан астам спортшы қатысуда және 20 спорт түрі бойынша 270 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу