Исламбек Қуат "Химки" ойыншысы

1811

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат ресейлік "Химкимен" келісім-шартқа отырды.

Исламбек Қуат "Химки" ойыншысы

Исламбек Қуат бүгін медициналық тексерістен сәтті өтті. Тараптар барлық мәселелерді шешіп, келісімге қол қойды. Енді ол биылғы жылдың соңына дейін ресми "Химкидің" ойыншысы және 20 нөмірде өнер көрсететін болады.

"Химки" - 1996 жылы құрылған клуб. Негізгі жетістігі – 2007-жылғы маусымда РПЛ-дегі тоғызыншы орын. Сонымен қатар, команда Ресей Кубогының финалына екі рет шықты. Премьер-лигадағы бұл маусым команда үшін жеті жылдағы алғашқы маусым болып табылады. Қазіргі таңда аталған клуб турнирлік кестенің 15-орынында тұр және 3 ұпайы бар. Жартылай қорғаушы Ресей Премьер-лигасының келесі матчында жаңа командасы үшін ойнай алады. 12 қыркүйекте "Химки" "Уралмен" кездеседі.

Сонымен қатар қазіргі таңда "Химки" сапында Қуатпен бірге оның бұрынғы командаласы, "Қайрат" клубында ойнаған Дмитрий Хомич те өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қуат елордалық "Астана" футбол клубына немесе Түркияның бірінші лигасында ойнайтын "Самсунспор" командасына ауысуы мүмкін деген ақпарат пайда болған. Ресейдің "Оренбург" командасынан кеткеннен кейін бос агент ретінде жүрді. Ол "Астана" сапындағы спорттық мансабын 2010-2014 жылдар аралығында өткізген және екі рет "Ақтөбе" және "Оқжетпес" клубтарына жалға ауысқан. 2014-2019 жылдар аралығында елордалық футбол клубының түлегі "Қайрат" сапында ойнады. Ал биылғы жылдың 1-қаңтарында Ресейдің "Оренбург" командасына ауысқан. Ол тек екі ойын ғана өткізді және клуб Ресей премьер-лигасынан шығып қалғаннан кейін командадан кеткен болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу