Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Айн" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханға Ұлттар лигасы тобының соңғы матчтарына қатысуға тыйым салды. Бұл туралы команданың жаттықтырушысы Педро Эммануэль мәлімдеді. Клуб коронавирус пандемиясына байланысты өз құқығын пайдаланды. Ол сонымен бірге "Аль-Айнның" заң бөлімі қазақстандық футболшының допингке қатысты жағдайымен айналысып жатқанын айтты. Еске сала кетейік, Исламханның ағзасында тыйым салынған препараттың бар екені анықталған болатын.
"Әрине, бұл іс заң шеңберінде қаралады және біз Исламханды қолдаймыз. Бұл Исламханға ғана емес, клуб үшін де оңай емес. Бірақ, атап өткендей заң бөлімі іспен айналысуда және біз оның нәтижесін күтеміз.Содан кейін ғана біз шешім қабылдаймыз.
Ойыншыларға келер болсақ, Лаба, Исламхан,Уилсон және Эдуардо ұлттық құрамаларының ойындарына барған жоқ. Себебі клуб басшылығы карантинге байланысты ойыншыларды жіберуді міндеттемейтін ережелерге сәйкес клуб құрамынан кетуден және өз құрамаларына қатысудан бас тартты. Осындай шешім қабылдауы керек болды. Өйткені олар қайтып келген соң тағы да екі апта ойындарға қатыспай, төрт-бес матчты жіберіп алар еді", - деді жаттықтырушы.
Сондай-ақ енді Бауыржан Исламхан допинг-тесттің оң нәтиже беруіне байланысты алты айға футболдан шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы Alittihad.ae. сайты хабарлады. Дереккөздің айтуынша, Исламхан ресми аккредиттелген зертханада тағы бір сынақтан өтеді. Азия футбол конфедерациясы (АФК) ойыншының ағзасынан табылған тыйым салынған препараттың ағзаға түсу себептерін анықтағанға дейін матчтардан шеттетті.
Ермұхамед Мәулен