Исламхан Польша біріншілігіне ауыспақшы

3840

Польшаның Оnet телеарнасындағы бір эфирде осындай ақпарат айтылды. 

Исламхан Польша біріншілігіне ауыспақшы

Журналист Пшемыслав Гайзлер эфир барысында "Қайрат" командасының капитаны Бауыржан Исламхан Польша біріншілігіне ауысады деп мәлімдеді. "Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуков "Висла" Краков командасына ауысады, ал Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Экстракласада ойнайтын бір командаға келмекші" деді. 

Иә, расымен де, Георгий Жуков осы жақында ғана "Висла" Краков клубымен келісімге келген болатын. Ендігі мәселе Б.Исламханның қай командаға ауысатыны. Қазақстандағы ең танымал футболшының жуырда ғана футбол агенті Сослан Джанабиевпен келісімге келгені туралы айтылды. Футбол агенті баспасөзге берген сұқбатында "Исламханға қызығып отырған екі клуб бар. Оның бірі Ресей біріншілігіндегі ортаңқол ұжым, екіншісі Польша біріншілігінің командасы. Алайда, екі клубтағы ұсынып отырған жалақы, Исламханның өзіне ұнамай тұр. Себебі, ол қазір "Қайратта" одан екі есе жоғары жалақы алады екен" деген болатын. 

Агенттің сөзіне сенсек, Ресей премьер-лигасынан гөрі Бауыржанның өзі Польша біріншілігін ұнатып тұрған сыңайлы. Жыл сайын еурокубокте өнер көрсететін Варшаваның "Легиясы" Исламханды өз қатарына қосудан бас тартпайтыны байқалады. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу