Ал Бауыржан Исламхан ойнайтын "әл Айн" клубы турнир кестесінде екінші орында тұр. Бауыржан мен клуб арасында 5 айға келісімшарт жасалған болатын. Маусым айының соңында келісімшарт мерзімі аяқталмақ. Ал жамбылдық талант карьерасын қайда жалғастыруы мүмкін?
Жуырда "Тараз" клубына басшы болып Талғат Апсаматов тағайындалған. Естеріңізде болса, Бауыржан Исламханның жұлдызы жанып, көптеген футбол мамандарының көзіне түсіп, ресейлік "Кубань" қатарына ауысқан тұста Т.Апсаматов клуб басшылығында болған. Құжаттар да тікелей Талғат Тұрлыбайұлының қолы арқылы рәсімделген еді. Және көптеген жамбылдық жанкүйерлер Т.Апсаматов пен Б.Исламханның өте жақын әрі жылы қарым қатынаста екендігін айтады. Тіпті ол "Таразға" қайта оралуы мүмкін деген болжамдар да айтылып қалуда.
Сонымен қатар, ел аузында Қайрат Боранбаев пен Исламхан арасында "егер ол Қазақстанға келер болса тек "Қайратқа" ғана ауысады" деп келісім жасалған-мыс деген әңгімелер де көп таралуда.
Болжамдар көп. Бір анығы маусым айында Исламханның арабтық командамен келісім шарт мерзімі аяқталады.
Ермұхамед Мәулен