Исламхан "Зенит" сапына қосылды

2724

Ресей федерациясының спорт министірлігі ұзақ уақыт талқыланған "легионерлер" заңына қол қойды. 

Исламхан "Зенит" сапына қосылды

Енді 2020 жылдың 1 маусым бастап қазақстанның футболшылары Ресей аумағындағы жарыстарда легионер болып саналмайды. Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің спортшылары өзара легионер саналмасын деген бастаманы бірінші болып Қазақстан тарапы қолдады. Кейіннен бұл заңнаманы Армения, Қырғызстан еледері де қабыл алды. Ендігі кезек Белорусь елінде болып отыр. Осы қаулы қабылданғаннан кейін Ресей футбол клубтары Қазақстан Ұлттық құрамасының намысын қорғап жүрген футболшыларға қызығушылық таныта бастады. Олардың қатарында құрама капитаны Бауыржан Исламхан да бар. 

"Кеше "Қайрат" сапында ол соңғы жаттығуын жасады да, 16-қаңтар күні Катар мемлекетіне "Зенит" командасына барып қосылуға аттанып кетті" - деп жазады "Вести.кз" сайты. Ресейлік баспасөз де Бауыржанның командаға келіп қосылып, алдағы уақытты "Зениттің" "Ред Булл" Зальцбург командасына қарсы жолдастық ойынына қатысады деп хабарлайды. 

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу