Исландия Еуроодаққа кіру бойынша референдум өткізбек

146

Исландия билігі Еуропалық Одаққа (ЕО) қосылу жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесіне қатысты 29 тамызда референдум өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews басылымына сілтеме жасап.

Исландия Еуроодаққа кіру бойынша референдум өткізбек Фото: canva

Исландияның сыртқы істер министрі Криструн Фростадоуттирдің айтуынша, тиісті ұсыныс келесі аптада Парламент қарауына енгізіледі. Ал Еуропалық комиссия бұл бастаманы қолдайтынын мәлімдеді.

Ұйымның баспасөз хатшысы Маркус Ламмерт Исландияның Еуроодақ үшін маңызды әрі сенімді серіктес екенін атап өтті. Оның сөзінше, екі тарап арасындағы ынтымақтастық қазірдің өзінде берік әрі жан-жақты дамып келеді.

Исландия Еуропалық Одаққа мүшелікке өтінімді 2009 жылы халықаралық қаржы дағдарысы арал экономикасына айтарлықтай соққы берген тұста тапсырған. 2010 – 2013 жылдары өткен келіссөздер барысында 33 келіссөз тарауының 11-і жабылды. Алайда 2015 жылы Исландия үкіметі келіссөздерден шығу туралы шешім қабылдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу