Испания 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартуы мүмкін

95

Газа секторындағы жағдай спорттық алаңға да ықпал етуде.

Испания 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартуы мүмкін Фото: marca.com

Испания билігі егер турнирге Израиль құрамасы қатысатын болса, ұлттық құрама 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына бармауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Премьер-министр Педро Санчес бастаған үкімет өкілдері хабарлады.

Испан билігінің ұстанымынша, Израиль Газа аймағындағы әскери әрекеттеріне байланысты барлық халықаралық спорттық және мәдени шаралардан шеттетілуі тиіс.

Бұған дейін Мадрид дәл осындай талап орындалмаса, "Евровидение-2026" байқауына да қатыспайтынын жариялаған болатын.

Айта кетейік, Испания футбол құрамасы – әлемнің 2010 жылғы чемпионы әрі Еуропа чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы (1964, 2008, 2012, 2024).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу