Испания футболдан Еуропа чемпионатында 4 мәрте жеңімпаз атанған алғашқы құрама болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған құрама бұған дейін 1964, 2008, 2012 жылдарда құрлықтық додада жеңімпаз болған еді. Еуропа чемпионаты 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін барлығы 10 құрама құрлықтық додада алтыннан алқа тақты.
Қазірге дейін Испания - 4 (1964, 2008, 2012, 2024), Германия -3 (1972, 1980, 1996), Италия - 2 (1968, 2020), Франция - 2 (1984, 2000), Португалия -1 (2016), Грекия -1 (2004), Дания -1 (1992), Нидерланд -1 (1988), Чехословакия -1 (1976), КСРО -1 (1960) жеңіс тұғырына көтерілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу