Испания Германияны жарыстан шығарып тастады

381

Футболдан Еуропа чемпионатында финал алдындағы финалда Испания құрамасы Германиядан 2:1 есебімен басым түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Испания Германияны жарыстан шығарып тастады Фото: sportbox.ru

Есепті испандар ашты. 51-минутта Ламин Ямальдың шығарған пасын Дани Ольмо голға айналдырды.

Кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда германиялық Флориан Вирц есепті теңестіріп кетті.

Сосын ойын тағы 30 минут жалғасты.

Қосымша уақыттың 119-минутында испаниялық Микель Мерино бәрінен биік секіріп, жеңіс голын салды.

Осылайша, Испания тағы да жартылай финалға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу