Испания құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты

507

Енді оларда төртінші рет Еуропаның үздігі атану мүмкіндігі бар. 

Испания құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты Фото: Спорт Экспресс

2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалына жолдама алған алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еуропа чемпионатының жартылай финал аясында Испания мен Франция құрамасы кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Матчтың 9-минутында Франция құрамасының ойыншысы Коло Муани баспен гол соғып, есеп ашса, 21-минутта Испания құрамасының ойыншысы Ламин Ямаль тамаша гол соқты.

Осылайша, 16 жасар Ямаль Еуропа чемпионатында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Араға 4 минут салып, Испания құрамасы екінші голын соқты. Дани Ольмо көзге түсіп, командасын есепте алға шығарып қана қоймай, жеңіс голын сыйлады. Екінші таймда қос құрама қанша шабуылдағанымен гол соға алмай, есеп өзгеріссіз қалды. Сөйтіп Испания құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шыққан алғашқы команда атанды. 

Айта кетейік, Испания құрамасы осы уақытқа дейін Еуропа чемпионатын үш рет ұтқан болатын. Енді оларда төртінші рет Еуропаның үздігі атану мүмкіндігі бар. Осы уақытқа дейін ешбір құрама 4 рет Еуропа чемпионы атанбаған.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу