Астанада 9 ата-анадан 24 млн теңге жинап алып, оларды алдап кеткен жас жігіт 3 жыл 2 айға сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Астана қалалық прокуратурасының хабарлауынша, сотталушы бұл ақшаға Испанияға ұшып-бару, турнирге қатысу, қонақ үй, виза және тамақ кіреді деп алдаған.
Баласын Испаниядағы беделді турнирге жіберіп, доп тепкенін көргісі келген ата-аналар алаяққа барлығы 24 млн теңгені берген.
"Сот бұл алаяқты 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Ол шығынды толық өтеді", – деп хабарлады прокуратура.
Осы ретте құзырлы орган қандай да бір ұйым немесе жаттықтырушы балаларды шетелдік жарысқа апарғысы келсе, оның қолында міндетті түрде келісімшарт, алдын ала шақыру, броньдауға қатысты құжаттары болуы керек дегенді ескертіп отыр.