17 жастағы жартылай қорғаушы Алдияр Нұрғали Испания чемпионатындағы жарқын ойынымен көзге түсті.
"Леванте" (U-19) командасының намысын қорғайтын жас футболшы "Эльче" (U-19) клубына қарсы өткен сырт алаңдағы кездесуде дубль жасап, командасына маңызды жеңіс әкелді.
Матч 2:1 есебімен "Леванте" пайдасына аяқталды. Алдияр ойынның 18-ші және 67-ші минуттарында мергендік танытты. Ал, алаң иелері сапынан Хосе Дура Касильяс 30-шы минутта 1 голмен жауап қайтарды.
Алдияр Нұрғали – алматылық "Қайрат" клубының түлегі. 2023 жылдың басында ол өз шеберлігін испан футболында сынап көруге бел байлап, шетелге аттанған болатын.
Сондай-ақ, Алдияр Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы сапында Еуро-2026 чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне жолдама алуға елеулі үлес қосты.
Шешуші кезеңде қазақстандық жас футболшылар Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы бақ сынайды.