Иссагирре Аррат шыңында 13-нәтиже көрсетті

1034

"Астана" шабандоздары атақты "Испания Вуэльтасы" көпкүндігіе қатысуда.

Иссагирре Аррат шыңында 13-нәтиже көрсетті

"Испания Вуэльтасы – 2020" Ируннан Баск елдерінде,  Эйбардағы аты аңызға айналған Аррат шыңына дейінгі (173 шақырым) өте күрделі бірінші кезеңмен басталды. Төрт категориялық асу, оның ішінде 5 шақырымдық Аррат тауын қоса есептегенде кезең жалпы есептің фавориттері арасында тартыс алаңына айналдырды.

Мәреге 5 шақырым қалғанда негізгі топ жылдамдығын арттырып, 8 шабандоз көшбасшы топ құрды және жеңіс үшін таласқа түсті. Ричард Карапас пен Дэн Мартинді басып озған былтырғы "Испания Вуэльтасының" жеңімпазы Примож Роглич кезеңде жеңіске жетті.

Горка Исагирре "Астана" командасынан үздік нәтиже көрсетті. Ол көшбасшылардан кейінгі топта, жеңімпаздан 51 секундтан соң, мәреге 13-болып келді.

"Астана Про Тимнің" екі шабандозы Александр Власов пен Йон Исагирре үшін жарыс күні сәтсіз аяқталды. Екі шабандоз да бұл жарысқа денсаулығына қатысты мәселелер бола тұра қатысты. Йон "Тур де Франста" құлаған болса, ал Власов "Джиро д’Италияда" асқазан ауруынына қарамастан жарыс жолына шықты.

"Біздің шабандоздар жалпы есеп үшін сынға түседі. Александр мен Йон әлі де денсаулығының әртүрлі мәселелерінен толық айықан жоқ. Сондықтан, біз "Вуэльтаға" екі жоспар құрдық - жалпы есеп үшін және жекелеген кезеңдердегі жеңіс үшін талас. Жігіттердің дайындық барысында көрсеткен нәтижелері жақсы болды. Бірақ бүгінгідей қиын кезеңде жағдайлары қандай болатынын болжау мүмкін емес. Әрине, сен қарсыластарыңның шабуылына жауап беру үшін 100% дайын болуыңыз керек. Алғашқы жоспар нәтиже бермеді. Сондықтан біз енді Б жоспарына ауысамыз. Ал жарыс барысында кезеңдерді жеңу үшін күресуге тырысамыз. Екінші жағынан, Власов төрт жарым минут жоғалтты. Бірақ егер ол келесі кезеңдерде өзін жақсы сезініп, көшбасшылардың соңынан ілесе алса, онда біз оны алғашқы толық турында жалпы есепте ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу үшін қолдау көрсетеміз. Менің ойымша, біздің команда өте мықты және біздің осы "Испания Вуэльтасында" бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар", - деді "Астана Про Тимнің" спорттық менеджері Дмитрий Фофонов.

Бүгін көпкүндік екінші кезеңмен жалғасады. Шабандоздарды жарыс жолында үш асуы бар тағы бір қиын күн күтіп тұр. Памплонадан Лекунберриге дейінгі 2-кезеңнің ұзақтығы 151.6 шақырымды құрайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу