Deutsche Welle басылымының жазуынша, үкімет мектептерде бурка мен ниқаб киюге тыйым салуы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони заң жобасын "Италия бауырлары" партиясы жастар қанатының іс-шарасында жариялаған.
– Италияда бетіңізді ашып мектепке баруыңыз керек және ешкім нақты немесе ойдан шығарылған дәстүрді қолдана отырып, жас әйел бетін жабуы керек деген шешім шығара алмайды, – деп нақтылады ол.
Жергілікті билік шетелдік оқушылардың ата-аналарынан итальян тілін үйренуді талап етуді көздейді.
Сонымен қатар, сыныптағы шетелдік оқушылар санын шектеу де жоспарланған. Мелонидің сөзінше, егер итальян тілін білмейтін бала болса, интеграцияны тиімді емес деуге негіз бар. Десе де, Италия премьер-министрі нақты шекті атап көрсетпеді.
ISMU зерттеу орталығының мәліметінше, елдегі барлық мектеп оқушыларының 11,6%-ы – Италия азаматтығы жоқ оқушылар.