Отандасымыз Иван Дычко америкалық боксшының "жағын сындыруға" шақ қалды

4430

Қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісіне жетті. 

Отандасымыз Иван Дычко америкалық боксшының "жағын сындыруға" шақ қалды Фото: @proboxtvofficial

Иван Дычко Флорида штатының Плант-Сити қаласындағы ProBoxTV-дің шоуында кезекті өнерін көрсетті. Оның қарсыласы 39 жастағы америкалық Крейг Льюис болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу қорытындысы бойынша Иван Дычко 39 жастағы Крейг Льюисті нокаутқа жіберіп, кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісіне жетті.

Иван Дычко – Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері әрі әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу