Иван Дычко кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп қалды

202

Қазақстандық ауыр салмақ боксшысы Иван Дычко (15-1, 14 КО) кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Иван Дычко кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп қалды Фото: aljazeera.com

Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен Сауль "Канело" Альварес пен Теренс Кроуфорд бокс кешінің андеркарды аясында америкалық Джермейн Франклинге (24-2, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізді.

Кездесу 10 раундқа жоспарланып, қарсыластар жоғары қарқынмен қимылдады. Дычко көбірек соққы жасауға тырысқанымен, төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіс Франклинге берілді.

Бұған дейін Иван Дычко кәсіпқой бокста өткізген 15 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп, олардың 14-ін нокаутпен аяқтаған болатын. Соңғы рет ол шілде айында америкалық Сэмюэл Кроссты (11-5-1, 7 КО) нокаутқа жіберген еді.

Ал Джермейн Франклин рингке мамыр айынан бері шықпаған. Сол кезде ол 6-раундта отандасы Девин Варгасты (23-11, 10 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу