Иван Дычко жекпе-жектен қанша ақша табатынын айтты

Ол 27 желтоқсанда шаршы алаңға оралмақ. 

Иван Дычко жекпе-жектен қанша ақша табатынын айтты Фото: Қазақстан Бокс Федерациясы

Қазақстандық спортшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) Қанат Исмаиловпен болған подкаста кәсіпқой бокстан табатын қаржысын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аса ауыр салмақтағы ұлттық құраманың экс-боксшысы қазір АҚШ-тағы кәсіпқой бокс кештерінде жұдырықтасады. Дычко сөз арасында өзінің алданып қалып, тегін бокстасқанын да жеткізген.

– Маған орта есепті айту қиын. Оны түсіндіріп көрейін. Кейбір жекпе-жектерден дым алмаймын. Ал кейбіреуінде 20 мың доллар береді. 50 мың доллар алған кездерім де бар. Тіпті 100 мың долларға келісімге отырып, қалтама бір тиын түспеген жағдай болды. Ештеңе алмадым, мені алдап кетті. Бұл қателік менің командам емес, ұйымдастырушылар тарапынан болды. Мұның бәрі – жекелеген сәт. Айта кететін жайт, бастапқы кездері бес раундқа дейін жекпе-жектерде 1000 доллардан кем ақшаға келіспеу керек. Ең болмаса, АҚШ-қа барған жол ақталу қажет, – дейді кәсіпқой боксшы.

Айта кетейік, Иван Дычко 27 желтоқсанда шаршы алаңға шығады. Ол Алматы қаласында ресейлік Виталий Кудуховпен (7-2, 3 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Бұған дейін қазақстандық спортшы 21 тамызда Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) америкалық Крейг Льюиспен (15-8-1, 8 КО) кездесіп, екінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу