Кезінде БАТЭ сапында өнер көрсеткен Иван Маевский қазір "Астана" намысын қорғайды. Екі клуб Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде ойнағалы тұр.
- Соңғы жыл ішінде БАТЭ екі рет қана топтық кезеңге өте алмады. Сол екі жеңілісті Беларусь чемпионы Қазақстанның командаларынан тауып отыр.
- Менің ойымша бұл тек қана қызықты факт. Адамдар ауысады, команда жаңарады. Бапкерлер мен сол кездегі ойыншылар түгел ауысып кетті. "Астана" да солай өзгерді. Сондықтан бұл жерде тек статистика ғана өзгермей тұр.
- "Астана" мен БАТЭ-нің бюджетін салыстыра аласыз ба?
- "Астананың" бюджеті анағұрлым көп. БАТЭ Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту арқылы қаржылай жағдайын жақсартып алуды көздейді. Олар сол қаржыға өмір сүреді десем де болады. Ал "Астананың" бюджеті көп болуының да себебі бар. Өйткені біз шалғайдамыз. Ұзақ ұшамыз. Сосын Қазақстанның да аумағы өте кең. Біз ішкі чемпионат ойындарының өзіне ұшаққа қаншама қаржы жұмсаймыз. Сондықтан да бюджеттің көп болуы орынды.
Айта кетейік, "Астана" мен БАТЭ 22-тамыз күні елордада алғашқы кездесулерін өткізеді.
Ермұхамед Мәулен