Израиль қайтадан Газа аймағына гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсатын берді

314

Сарапшылардың айтуынша, Газа тұрғындарына жаппай аштық қаупі төніп тұрған еді.   

Израиль қайтадан Газа аймағына гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсатын берді Фото: yenisafak.com

Израиль үкіметі Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге қайта рұқсат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Израиль армиясының ұсынысымен гуманитарлық көмек жеткізу аштықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.

Белгілі болғандай, наурыздың басынан бері Израиль Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі жасап келген болатын. Тель-Авив Газа аймағын бақылайтын ХАМАС ұйымы гуманитарлық көмекті қайта сатып, қаражатты қару-жарақ жеткізуге бағыттап отыр дегенді алға тартты. 

Гуманитарлық көмек әдеттегі бағыттар бойынша жеткізілмек. Бұл ретте Израиль үкіметі гуманитарлық көмектің ХАМАС ұйымының қолына түспеуін қамтамасыз ету үшін жаңа бақылау шараларын енгізуді жоспарлап отыр. 

Жауапты міндетті Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) және World Central Kitchen ұйымдары жүзеге асыратын болады. 

18 мамыр күні Израиль қорғаныс армиясы Газа секторының солтүстігі мен оңтүстігінде "кең ауқымды құрлық операциялары" басталғанын хабарлады. Хамас бақылауындағы Газа аймағының денсаулық сақтау министрлігі соңғы аптада Израильдің әскери соққыларынан 464 палестиналық қаза тапқанын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу