Израиль Газаны толық басып алуға қанша уақыт кететінін айтты

508

Әскердің алдына уақыт бойынша талап қойылмаған. 

Израиль Газаны толық басып алуға қанша уақыт кететінін айтты Фото: odt.co.nz

Израиль Қорғаныс армиясының ресми өкілі, бригада генералы Эфи Дефрин Газа қаласын толық бақылауға алу үшін бірнеше ай қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report агенттігіне сілтеме жасап.

"Бүкіл қаланы басып алуға бірнеше ай кететінін түсініп отырмыз. Сонымен қатар Газа қаласындағы террористік құрылымдарды толық тазартуға тағы бірнеше ай керек", – деді Дефрин.

Оның айтуынша, израильдік әскери күштердің алдына уақыт бойынша шектеу қойылмаған.

"Біз қанша уақыт қажет болса, сонша әрекет етуге дайынбыз. Тұтқында отырғандарды үйлеріне қайтару және Газадағы ХАМАС режимінің көзін құрту үшін жұмыс істейміз", – деді ол.

Айта кету керек, бұған дейін Еуроодақ Израильге қатысты ешкім күтпеген ұсыныс айтқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу